17.04.2024, 16:49
Оқылды: 69

«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы лауазымына  Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы тағайындалды.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 16.36.08

Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы 1981 жылы туған. Білімі - жоғары. Әр жылдары, 2000 – 2019 жылдары мемлекеттік органдардың  әртүрлі құрылымдарында жұмыс  атқарған,

2019 – 2020 жылдары «Батыс Қазақстан облысының экологиялық-географиялық қоғам» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары,  баспасөз хатшысы қызметін атқарған, 2020 – 2023 жылары Халықаралық құқық қорғау орталығы БҚО филиалының басшысы, кәсіби медиатор, баспасөз хатшысы ретінде жұмыс жасаған. 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ  басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар, «Арман-Орал» қайырымдылық қорының басшысы, «Amanat» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып қоғамдық жұмыстарды атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале