29.07.2020, 12:00
Оқылды: 171

«Онлайн» Құрбан айт

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Құрбандық шалу онлайн режимде рұқсат етіледі. Ол үшін Qurban2020.kz сайты арқылы өтінім беру керек. «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелері туралы 109 сall-орталық арқылы білуге болады. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың 28 шілде күні шыққан Орал қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №64 қаулы талаптарын егжейлі-тегжейлі түсіндірді.

IMG_20200728_211124_112

– Қаулыға сәйкес мереке күндері онлайн режимінде құрбандық шалу орындарынан басқа мал сою цехтарының жұмысы тоқтайды. Орал бойынша «БҚО тұрақтандыру қоры» ЖШС («Ел ырысы», С.Датов к., 41а), «Батыс Адал ет» ЖШС (Вторая молодежная к., 1/6), «Шамшырақ» ӘКК (Меловые горки ауылы) және Зашаған кентіндегі Автокөлік жүргізушілерге арналған мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары бойынша құрбандық малдарын тек қана сатып алуға болады. Жылдағыдай бұл жерлерде құрбандық шалынбайды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 3 шілдедегі қаулысына және облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 4 шілдедегі қаулысына сәйкес мерейтойлар, отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. 1 және 2 тамыз күндері қоғамдық көліктер жүрмейді, базарлар жабық болады, – деп ескертті қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Брифингте ҚМБД-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаевтың сөзінше, пандемия кезінде мешіттердің жабық болуына байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды. Тек сол күні таңғы сағат 7:00-ден кейін құрбандыққа мал шалу рәсімі басталады. Құрбан айт қарсаңында діни басқарма алғаш рет халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайты іске қосылды. Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен тұрғындар онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады.

– Діни басқарманың мақсаты – азаматтардың құрбандығын шалып беруді ұйымдастыру. Онлайн тапсырыс арқылы құрбандық шалу кезінде үйреншікті болған малды өзіміз таңдау, қасапшының жанына барып бірге сойысатын жағдай болмайды. Карантин кезінде құрбан шалуға ниет еткен азаматтардың тілегін жүзеге асыруға мүмкіндік ұсынып отырмыз. Осы кезге дейін құрбан шалған отбасылар етті үшке бөліп, бір бөлігін ағайын-туыс, көрші қолаңға арнап айттық дастарханын жаятын. Пандемия жағдайына байланысты сойылған ет биыл түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Қасиетті мереке кезінде пайда табуды көздеп, мал бағасын шарықтатпауды сұраймын, –  деді облыстың бас имамы.

 Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале