11.08.2026, 16:30
Оқылды: 5

Онлайн медицина және телемедицина қызметі

6 тамызда «Aqjaiyq» телеарнасының тікелей эфирінде «Онлайн медицина және телемедицина: жаңа қызметтер, FaceID, ауылдағы қолжетімділік» атты баспасөз конференциясы өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнаш Ғұбайдуллина баяндама жасады.

WhatsApp Image 2026-08-07 at 15.47.53

Облыста 2026 жылы 20 мамырда жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды телемедицинаны енгізу бойынша халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумға Оңтүстік Корея өкілдері, жергілікті бейінді мамандар, медицина ұйымдарының басшылары және сала сарапшылары қатысты. Симпозиум тәжірибе алмасу, заманауи цифрлы шешімдер мен телемедицинаны дамыту перспективаларын талқылаудың маңызды алаңына айналды, – деді басқарма басшысы.

Айнаш Жұбанышқызы облыстық көп бейінді аурухана телемедицинаны дамыту координаторы болатынын атап өтті. Телемедицина технологиясын дамыту, пациенттерді ауыл, аудан және облыс деңгейлерінде бағдарын жетілдіру, республикалық медицина орталықтарымен ынтымақтастықты өзара кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Пациентке бірыңғай бағдар әзірленіп, республикалық жетекші клиникалармен байланыс орнатылғанын баса айтты. Бүгінде өңірде те-
лемедицинаны дамыту жұмыстары халықаралық деңгейге шыққан. Бағдарлама шеңберінде осы уақытқа дейін 1045 консультация бе-ріліп, оның 109-ы республикалық клиникаларда өткі-зілген.

Ана мен нәресте өлім-жі-тімін төмендету, жүкті әйелдер мен балаларға сапалы медициналық көмек көрсету, сырқат пен асқынуларды ерте анықтау мақсатында аудан деңгейінде медициналық ұйымдарға әдістемелік және консультативтік қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жүргізіліген.

Басшының баяндауынша, облыстық перинаталдық орталық, көп бейінді облыстық балалар ауруханасында ситуациялық орталық пен телемедицина кабинеті жұмыс істейді. Бұл бастама –
өңірден шалғай жатқан аудан медицина ұйымдары үшін қашықтан консультация, цифрлық аралау жүргізуге мүмкіндік береді. Жеті айдың қорытындысы бойынша, қашықтан 236 консультация  өткізілген.

Облыста биыл 30 шілдедегі есеп бойынша тұрғындарға 898264 медициналық қызмет, соның  ішінде қашықтан 99204 (11,09%) қызмет көрсетілген.

Елді мекендерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Теректі ауданында былтыр қыркүйек айынан бастап «Онлайн медицина» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты.  Жоба аясында «HES-7 денсаулық диагностикасы жүйесінің» төрт бірлігі: Ша-
ғатай, Сарыөмір ауылдық дәрігерлік амбулаторияларына, Ұзынкөл ауылының фельдшерлік-акушерлік және Төңкеріс ауылының медициналық пункттеріне берілген.

Жүйе «Дамумед» медицина ақпараттық жүйесі аясында интеграцияланған. Ол тексеру нәтижелерін электронды тіркеуге және медициналық ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Кешен 30 минутта пациенттің тұрғылықты жері бойынша алғаш функционалдық (ЭКГ, отоскоп, стетоскоп/фонендоскоп) және зертханалық (қан, зәр жедел талдау) диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

54 пациентке кеңес беріліп, 30 клиникалық, 108 диа-гностикалық – бас-аяғы 192 медициналық көмек көрсетілген.

Жылдың аяғына дейін 50 телемедициналық цифрлы қызмет алу жоспарланған. Face ID жүйесі арқылы пациентті сәйкестендіру жобасы бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр. Бұл жобаның негізгі құралы – электронды үкіметтің «Цифрлық құжаттар» қызметі.

Face ID жүйесі 62 медициналық ұйымға орнатылған, оның 31-і – мемлекеттік, 31-і – жекеменшік.

Перизат  ТІЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале