14.09.2021, 17:26
Оқылды: 152

Орал қалалық мәслихатының депутаты азаматтарды қабылдады

Бүгін Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығының Заң клиникасында Орал қалалық мәслихатының депутаты, «Jas Otan» ЖҚ БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев  қабылдау өткізді.  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының облыстық ұйымы» БҚО қоғамдық бірлестігінің атынан қабылдауға келген маман Гүлжанат Құрмангазиева  кәсіподақ мүшелерінің өтінімдеріне сәйкес сұрақтарын жеткізді.
депк

Өтініштерде көрсетілген сауалдар: еңбек өтілінің дұрыс есептелмеуі, белгіленген уақыттан аса жұмыс жасау, үстеме жұмыс жасату мәселелері.

Сонымен қатар, қабылдауға келген қала тұрғыны Оразов Теміржан соңғы нүктесі Казкон кондитерлік фабрикасында болған қалалық №8 автобус маршрутының тоқтатылуы бойынша наразылық білдірді.

Желаев тас жолы бойынан жүретін жалғыз осы №8 маршрут. Енді жұмысқа жету үшін Әбілқайыр хан даңғылына шығуымыз керек. Бұл біраз уақытымызды алады, әрі қолайсыз. Қала тұрғыны сонымен қатар Smart qala бойынша аппараттардың толық қондырылуын қамтамасыз етуді сұрады.

Нұрғали Қаршығаұлы №8 маршрут жүру бағыты бойынша сұрақты қаперге алып, автобустардағы аппараттарды қондырылу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл жерде кәсіподақ мүшелері өз сұрақтарына татымды жауап және кеңес ала алатын болғандықтан, өтініш біл­дірушілердің саны артып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале