17.02.2021, 10:24
Оқылды: 40

Орал қаласы көркейе түспек

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қала басшысына шаһар аумағын абаттандыру және сәулеттік келбетін арттыру бойынша жоспар жасау керектігін айтты.

 ес 3

– Қала тұрғындары тазалық мәселесіне байланысты сын-ескертпелер жиі айтады. Басты көшелердің ғана емес, тұрғындар шоғырланатын жер – базарлар, темір жол маңы және автобус бекеттері сияқты қоғамдық орындар тазалығына баса назар аударуымыз қажет. Тазалық жұмысын ұйымдастыру тәсілін түбегейлі өзгертуіміз керек. Наурыз айының соңына дейін аталған нысандар иелерімен бірлесе отырып, көпшілік жүретін жерлерді абаттандыруға байланысты эскиздік жоба дайындауды, күл-қоқыстан арылтуға қатысты нақты қадамдарды бекітуді тапсырамын.

ес 4

Басқа қалалардан айырмашылығы, былтыр Оралда сегіз шақырым арық желісі жөнделді. Қалаішілік арық желісін кеңейте түсуді қарастыру қажет. Орал – жасыл қала. Шаһарды көркейтуге байланысты бес жылдық жоспарды жасауды тапсырамын. Жасыл желек арасындағы ескі терек-бұталарды алып тастап, тұрғындармен кеңесе отырып, бос тұрған жерлерді саябаққа, көпшілік демалатын орынға айналдыруымыз керек. Бұл жағдайда «Бір тал кессең, он тал ек» қағидаты ескерілуі тиіс.

Біздің өңірге сырттан келетін жолаушы баршылық. Сондықтан қала кіреберістерінде көптің көзі тоятындай етіп тың архитектуралық жобаларды жүзеге асыруды тапсырамын. Алдымен Самара-Шымкент тас жолы бағытындағы қақпаға Бәйтерек ауданы әкімімен бірлесіп, әсем әрлеу жұмысы бойынша сызба жасап, қоғамдық кеңес мүшелері шешімімен бекіту керек. Қала бойынша бейнебақылау камераларын орнатуды жалғастырамыз. Орал арқылы жүздеген автокөлік етеді. 2020 жылы 57 киломтерді құрайтын көше жолдары жөнделді. Автокөліктердің қарқынды қозғалысы мен жүк тасымалының қадағаланбауы жол сапасының төмендеуіне әсер етуде. Көліктік бақылау инспекциясына заман талабына сай қала кіреберістеріндегі жүк көліктерінің салмағын тез өлшейтін таразыларды қолдануды тапсырамын, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале