12.05.2026, 17:30
Оқылды: 24

Орал қаласы пробация қызметі бастықтарының қатысуымен қорытынды кеңес өтті

Достық үйі ғимаратында БҚО бойынша ҚАЖД бастығының, пробация қызметіне басшылық жасау бөлімінің қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық пробация қызметтері мен Орал қаласы пробация қызметі бастықтарының қатысуымен қорытынды кеңес өтті, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

_gluster_2026_5_12_2940cdea2a345ef95f34679b338acdce_1280x720
Кеңес барысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы аумақтық пробация қызметтерінің жұмысы қорытындыланды. Қатысушылар негізгі қызмет бағыттары бойынша есептер ұсынып, оның ішінде есепте тұрған тұлғаларды іздестіру жұмыстарының нәтижелері, анықталған құқық бұзушылықтар саны, жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы жолданған материалдар, қайталама құқық бұзушылықтар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмек саны туралы ақпарат берілді.
Ерекше назар есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында бақылауды күшейту мәселелеріне аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы міндеттер айқындалып, пробация қызметі қызметкерлерінің қызметтік жұмыс сапасын арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале