16.01.2023, 11:45
Оқылды: 44

Орал қаласы тұрғынының пәтерінен атыс қаруы табылды

12 қаңтар күні сағат 15.30 уақыт шамасында БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. 

WhatsApp Image 2023-01-16 at 11.31.24

Оның пәтерінде тінту кезінде атыс қаруы, атап айтқанда 12 калибрлі "ИЖ-К" маркалы бір оқпанды мылтықтың кесіндісі табылды. Қару атуға жарамды екені анықталды.

Ер адамның пәтерінде тіркелмеген қарудың қайдан сатып алғаны және қандай мақсатта сақтағаны анықталуда.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Заңсыз айналымнан қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды анықтау, табу және алу жөніндегі жұмысты БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді және БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында болады.

БҚО ПД Баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале