12.09.2026, 16:15
Оқылды: 186

Орал қаласында 140 отбасы баспаналы болды

БҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақжайық шағынауданында Қала күні және Отбасы күні мерекелеріне орай 5 қабатты 140 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

IMG-20260912-WA0081

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Осынша жанұя су жаңа баспанаға қол жеткізіп, зор қуанышқа кенелді. Пәтер кілттері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды.

IMG-20260912-WA0091

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған Халықтық Конституция аясында адамның өмір сапасын жақсарту – мемлекет дамуының ең басты стратегиялық бағыты болып айқындалды. Осы ретте өңір тұрғындарын баспанамен қамту – маңызды міндеттердің бірі. Облыста тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға және баспана кезегін кезең-кезеңімен азайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Орал қаласы бойынша 28 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Биыл шаһарда 496 пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін мыңға жуық пәтерді табыстау жоспарланып отыр.

IMG-20260912-WA0083

IMG-20260912-WA0085

IMG-20260912-WA0084

IMG-20260912-WA0089

IMG-20260912-WA0086

5 қабатты үйді «Болашақ-Т» ЖШС салды. Пәтерлер жарық, жылы әрі кең. Инженерлік инфрақұрылым тартылған. Аула абаттандырылып, көшеттер отырғызылады.

IMG-20260912-WA0087

IMG-20260912-WA0093

Айта кетейік, 2023 жылдан бері өңірде тұрғын үй құрылысына 118,5 млрд теңге бөлініп, 6911 пәтер пайдалануға берілді. Оның 3 мыңға жуығы ауылдық елді мекендерде бой көтерді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале