17.11.2023, 21:32
Оқылды: 68

Орал қаласында ашылған жаңа нысан тегін қызмет көрсетпек

Бүгін Орал қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пилоттық жобасы аясында «Ақ ниет» сыйымдылығы шағын үй» орталығы ашылды.

WhatsApp Image 2023-11-17 at 09.27.02

Жартылай стационар жағдайында 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналып ашылған сыйымдылығы шағын үй сегіз бағыт бойынша тегін қызмет көрсетеді.

Мұнда психоневрологиялық паталогиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер алады.

Орталыққа келуші балалар Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша қабылданады. Олар ауруы мен жас ерекшелігіне байланысты топтарға бөлінеді.

Жартылай стационарда психолог, логопед, дефектолог, массаж және физиотерапия кабинеттері бар. Сонымен қатар балаларға 3 мезгіл тамақтандыру ұйымдастырылған. Оған арнайы буфет пен ас бөлмесі де жабдықталған. Ал орталыққа күнделікті балаларды жеткізу үшін шағын автобус қатынайды.

Орталықтың ашылуында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Искакова мен «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов сөз сөйлеп, жұмыстына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-11-17 at 16.03.01

Осыдан кейін келушілерді «Сыйымдылығы шағын үйлер» орталығының координаторы Айгүл Халиева орталық жұмысымен таныстырды.

Жаңадан ашылған орталық «Ет комбинаты» шағын ауданындағы Сыбаға көшесі, 23/2 мекенжайында орналасқан.

Орал қаласы әкімдігінің

баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале