17.02.2024, 20:00
Оқылды: 35

Орал қаласында әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен жарыс өтті

15-17 ақпан аралығында Орал қаласында орналасқан «Орал» спорт кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті.

IMG-20240217-WA0041

Ұйымдастырылған бұл сайыстың басты мақсаты – әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Орал қалаларынан келген 40-тан астам спортшы қатысты.

Өңірлік қолбасшылықта алғаш рет ұйымдастырылған бұл жарыста спортшылар 7 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Ақтөбе қаласынан келген 6655 әскери бөлім командасы иеленсе, екінші орыншы Орал қаласының 5517 әскери бөлім командасы қанжығасына байлады.

IMG-20240217-WA0042

Ал үшінші орынды Жаңаөзен қаласынан келген 5548 әскери бөлім спортшылары қанағат тұтты.

Турнир жеңімпаздарына кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта осы жарыстың жеңімпаздары наурыз айында Семей қаласында қазақ күресінен өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан чемпионатына қатысатын болады.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале