1.02.2020, 18:02
Оқылды: 91

Орал қаласында «Біз – жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция басталды

Бүгін Орал қаласында «Біз – жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция басталды. 
Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай өткен акция аясында 1-ақпаннан бастап 31 желтоқсанға дейін күн сайын сағат 12.00-де қалада орналасқан ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтпек.

1 (11)-800x533
Майдангерлер рухына тағзым ету рәсімі  «Бауырластар» зиратынан басталды. 1942 жылы Сталинград үшін шайқаста Орал қаласы Сталинград майданының аймағына қосылды.

1 (4)-800x533

Қалада ашылған госпитальға жарақат алғандарды қабылдап, орналастыруға жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.  Қалалық зиратта 1942-1943 жылдары қайтыс болған Сталинград қорғаушыларының бауырлас бейіті орналасқан. 1950 жылы суретші В.Большаковтың жобасымен бауырластар бейітіне ескерткіш орнатылды. Ескерткішке: "1941-1945 жж. біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыста қаза болғандарға мәңгілік даңқ" деген жазу жазылған. Одан әрі гүл қою рәсімі «Үш батыр қыз», маршал Г.Жуков, Кеңес одағының батыры Т.Масин, Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алау» маңында жалғасты.

1 (127)-800x533

Ескеркіш жанына жиналған Ұлы отан соғысының ардагерлері, жастар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері гүл шоқтарын қойып майдангерлер рухына тағзым жасады. Бір минут үнсіздікпен басталған тағылымды шарада Ұлы Отан соғысының ардагерлері сөз алып, бүгіннен басталған акцияның өскелең ұрпақ үшін тәлімі мол екендігін атап өтті. Қаламыздағы жоғары, орта оқу орындарының студенттері акцияға белсене қатысты.

Гүлжамал Жолдығали
Эльвира Меңдіғали
zhaikpress.kz

1 (4)(1)-800x533 1 (6)-800x533

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале