18.04.2022, 15:13
Оқылды: 79

Орал қаласында «Қазсушар» ШЖҚ РМК БҚФ Жаңақала топтық су құбырының өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 29 сәуірде сағат 15:00 - де «Қазсушар» ШЖҚ РМК Жаңақала топтық су құбыры желісінің Жаңақала топтық су құбырының магистральдық және тарату желілері арқылы су беру қызметтері үшін тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

notification-kz

Суреттің дереккөзі: Kyzylorda News

Жария тыңдау мына мекенжай бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Жанақала ауданы, Жанақала ауылы, Д.Нұрпейісова көшесі, № 37 үй (колледждің акт залы).

Департамент тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.

Сонымен бірге көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Департамент басшысының  Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (іздеуге басшының аты Алмас Отаров енгізу қажет) көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.

         ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале