10.03.2020, 16:49
Оқылды: 442

Орал қаласында полиция қызметкеріне күш қолданған күдікті ұсталды

Наурыздың 10-ы күні сағат 02:53 кезінде Орал қ. ПБ-нің «102» кезекші операторына белгісіз әйел хабарласып, жолдасының ішімдік ішіп келіп бұзақылық жасап жатқаны туралы хабар береді.

Дебошир

Хабар түскен бойда оқиға орнына Орал қ. ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрсынғалиев келіп жетеді. Шақыруға келіп жеткен учаскелік полиция инспекторы 1983 ж.т. ер адамды ұстау кезінде ол қарсылық білдіріп, учаскелік полиция инспекторының иық тұсынан ас үй пышағымен жарақат келтіреді. Бірақ бәрібір полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсірді.

Сараптама нәтижесіне сәйкес оның «жеңіл дәрежедегі» мас күйде болғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале