27.12.2019, 20:40
Оқылды: 83

Орал қаласында жеке IT мектеп ашылды

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

IMG-20191227-WA0064-800x534

Аталмыш мектептің мақсаты - мектеп оқушылары мен студенттердің IT саласы бойынша біліктілігін арттырып, цифрлық жобалардың жеңімпаздарын дайындау. Тұрғындарға есігін айқара ашқан мектепте Digital Aqjaiyq мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті. Қосымшада облыс орталығындағы, аудан-ауылдардағы білім беру, денсаулық сақтау, көлік, коммуналдық қызмет секілді барлық мемлекеттік саладағы қызметті онлайн сервис арқылы алуға мүмкіндік қарастырылған.

IMG-20191227-WA0063-800x534

-Қазір онлайн ойындар ойлап табудамыз. Болашақта ол ойындарды Еуропа елдеріне, Ресейге экспорттаймыз. Үйірмеге келіп жүргендердің дені мектеп оқушылары. Олардың кейбірі веб-портал, вед-сайт құрастыруда. Кейбірі юнити бағдарламасы арқылы онлайн ойындар, андроид телефонға мобильді қосымшалар ойлап табуда. Үйірмеге қатысу құны айына 15 мың теңге. Десе де көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұялардың перзенттеріне тегін үйретеміз, - деді "IT Group Kazakhstan" ЖШС-ның бас директоры Михаил Дудниченков.

Гүлсезім Бияшева
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале