11.09.2020, 20:38
Оқылды: 143

          Орал қаласында жылу тарифін көтеру туралы айтуға ерте

Бірқатар БАҚ көздерінде, оның ішінде жергілікті телеарналарда Оралда жылу тарифінің 15%-ға өсетіні туралы ақпарат шықты.

жылу

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 2021-2025 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша "Жайықжылуқуат" АҚ тарифі мен тарифтік сметасын бекітуге өтінім келіп түскенін хабарлағымыз келеді.

Өтінім берудің себебі "Жайықжылуқуат" АҚ-ның 2016-2020 жылдарға бекітілген шекті тариф мерзімінің аяқталуы болып табылатынын атап өту қажет.

Қазіргі уақытта атлаған өтінім Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаралуда.

Сонымен бірге, уәкілетті органның ведомствосы субъект ұсынатын тариф пен тарифтік сметаның жобаларын Жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады, онда қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, жергілікті атқарушы органның өкілдері, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады. Уәкілетті орган жария тыңдауларды тарифті бекіту кезінде тариф бекітілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өткізеді.

Аталған өтінім бойынша жария тыңдаулар 2020 жылдың 23 қазанында өтеді. Өткізудің нақты уақыты мен орны Комитеттің ресми сайтында және Департаменттің фейсбук әлеуметтік желісінің бетінде, сондай-ақ БАҚ көздерінде жарияланады.

Бұдан басқа, тариф белгілеу қызметінің ашықтығы мақсатында субъектілердің өтінімдері "Монополист" базасы арқылы қабылданады, онда субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерінің және тарифтік сметаларының жобаларын растайтын құжаттармен бірге көруге болады.

"Жайықжылуқуат" АҚ-ның 2021 жылға арналған жылумен жабдықтау қызметтеріне орташа босату тарифінің жобасы қолданыстағы 5000,30 тг/гкал-ға 5657,19 тг/гкал құрайды, өсім-13,1%.

Бұл тариф жоба болып табылады және түпкілікті болып табылмайды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментпен мұқият қаралып жария тыңдауларға қатысушылардың пікірлері ескерілетін болады.

Департамент, тұтынушыларға осы өтінім бойынша шешім қабылдау 2020 жылдың қараша айының соңында жоспарланғанын жеткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале