8.02.2024, 20:00
Оқылды: 31

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде әуенді сазды кеш өтті

Кеше Орал қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші, сахна саңлағы, ұлағатты ұстаз Ғарифолла Құрманғалиевтің 115 жылдығына арналған «Әнін көкке қалықтатқан» атты сазды кеш өтті.

IMG-20240208-WA0085

Кеш барысында тума талант, біртуар дарын иесі Ғ.Құрманғалиев туралы бейнеролик көрсетілді.

IMG-20240208-WA0082

Сонымен қатар Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дәстүрлі ән бөлімі студентері Мұғалімов Нұрлыбек пен Еролла Майра, Ғарифолла Құрмаңғалиевтің репертуарындағы «Асылжан», «Досыма», «Сүйген жар» әндерін шырқап берді.

IMG-20240208-WA0084

Аталмыш іс-шара Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық кітапханасының ұйымдастыруындағы «Жез таңдай, күміс көмей ән еркесі» атты кітап көрмесімен өз жалғасын тапты.

ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале