17.04.2024, 15:47
Оқылды: 49

Орал қаласындағы NIS гуманитарлық көмекке үлес қосты

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен ата-аналары тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек берді.

WhatsApp Image 2024-04-17 at 15.37.25

Бұл игі бастамаға мектептегі «SEN» еріктілер тобы бастама білдірген болатын.

Мектеп ұжымы атынан қаламыздың «Орал» спорт клубындағы эвакуациялық пунктіне азық-түліктер, балалар үшін мектепке қажетті оқу-құралдар, бүлдіршіндерге қызықты кітапшалар және ойыншықтар табысталды.

Оған қоса зияткерлеріміз балаларға қызықты тренинг-ойындар өткізіп, уақыттың көңілді өтуіне титтей де атсалысты.

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале