25.07.2022, 9:15
Оқылды: 118

«Орал өңiрiнiң» Қажақаңы

Биыл шілде айында «Орал өңірі» газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен Қажекең – Қажиахмет Жанғазиев 100-ге толады. Сонау бір қиырда қалған 1977 жылдың қыркүйегінде жиырмадан енді-енді асып жатқан мен редакция табалдырығын аттағанда ол кісіні көре қалдым. 

жангазиев цв

Сол кезде газетте Қосаман, Ғалиасқар, Болат, Жүсіпкерей, Алғали, Ғиляж, Жанғали, Ғарифолла, Мәжит, Азамат, Қуаныш, Тихон ағайлар жұмыс істейтін. Бұл ағалармен газеттегі мен құралпы Қыдырбай, Сағындар еркін қарым-қатынаста екен. Ол кезде газеттің редакторы – Бақтыбай Далабайұлы Далабаев. Ол кісінің жастарға деген ниеті мен көңілі ерекше. Сондықтан басшымызды ұстаз аға көріп, бірден бауыр басып кеттік. Ол кісінің екі орынбасары – Қажиахмет Жанғазиев пен Байдолла Есқалиев. Байдолла ағай – салдырлаған, ашық, көңілді жан. Әлдебір жайтты, жаңалықты естіп қалса, алақандарын сарт еткізіп, «Оу, мынаны жазу керек қой!» дейтіні де бізге қызық көрінетін. Ал Қажиахмет ағай бөлмесінен көп шықпайды. Қызметкерлер отырған бөлмелерге өте сирек бас сұғады. Өзіне керек болған адамды хатшы арқылы шақыртып алады. Ортадан ұзын бойлы, аққұбаша келген келісті адам. Қою, қайратты шашы маңдайына қобырап құлап тұрады. Түсі бір көрмеге сұстылау. Жарқылдап, жадырап, қызметкерлермен әзілдесіп, сөйлесіп жатқанын көрген жоқпын. Қызмет бабында сөйлесе қалса, мәдениетті, өте байыпты, артық сөзі жоқ. Ең бастысы, ешкімге ұрысып, қатты ашуланбайды, жеке басына, намысына тиіспейді. Бөстекі сөздермен, қулық-сұмдық, алдап-сулаумен мүлдем ісі жоқ жан. Айтатынын, беретін тапсырмасын өте байсалды, бұлтақтатпайтын талаппен жеткізеді. Редакцияда жиі өтіп тұратын летучка-ілездеме жиналыстарда да көп сөйлемейтін, ортақ мәселелерге киіпжарып араласпайтын.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №86 санынан оқи аласыздар!

 

Есенжол Қыстаубаев, 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале