14.05.2020, 10:29
Оқылды: 111

Орал, Шымкент және Ақтауға әуе рейстері жанданды

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Шымкент, Ақтау және Оралдан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына және кері ұшатын әуе рейстерінің қайта жандануына қатысты пікір білдірді.

1C835A3D-F5F7-4C4B-8DC9-6CF542D4730B

Бұған дейін айтылғандай, коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай өңірлерде Қазақстанның басқа қалаларына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңімен іске қосылады. Шымкент, Ақтау және Орал қалаларынан жаңартылған әуе рейстері үшін әлеуметтік қашықтық, сауалнама, маскалық режим, терминал ғимаратына шығарып салмау, байланыссыз термометрия секілді негізгі санитарлық-карантиндік талаптар белгіленді. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер биылғы жылдың 14 мамырында тиісті қаулы қабылдады. Бұрын айтылғандай, дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері (жөтел, ентігу, тыныс алуы қиындаған) бар адамдар анықталған жағдайда олар әуежай ғимаратына, яғни әуе кемесінің бортына жіберілмейді. Аталған жолаушылар карантинге оқшауланады. Айта кету керек, Қазақстандағы барлық ішкі әуе рейстері тек Нұр-Сұлтан мен Алматыдан облыстық маңызы бар қалаларға ғана ашылды, ал өңірлер арасында әуе қатынасы әлі ашылған жоқ.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале