4.01.2022, 14:50
Оқылды: 108

“Орал жастары” омбы қарды тазалауға білек сыбана кірісті

Демалыс күндері толассыз жауған табиғат тартуы шаһарды ақ ұлпаға бөледі. Әдемілігі мен әурешілігі қатар жүретін қыс мезгілінде “Орал жастары” ардагерлер мен жалғызбасты жандарға қол ұшын созуда.

1C719E19-1881-4433-B708-915B499B18A8

Қолғабыс танытудан талмайтын жастар  қариялардың үй маңын қалың қардан тазартуда. Қоғамнан мейірім мен қамқорлық күтетін қамкөңіл жандар еріктілерге алғыс айтып, баталарын берді.

EB287EB6-56D4-4596-B1B9-ECF23B056897

Айта кетейік, “Орал жастары” әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады.

Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале