27.03.2024, 16:45
Оқылды: 31

Оралда 174 адам пәтер ұрлығы үшін ұсталды

Тәртіп сақшылары пәтер ұрлығы бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда төмендегенін айтады. Соған қарамастан пәтерге ұрлыққа түсетіндер әлі де бар. Мысалы, 2023 жылы 285 пәтер ұрлығы тіркелген.

Арман ДВД

- Пәтер ұрлығы фактісімен 174 адам ұсталды. Пәтер ұрлығымен тек полицияның өзі күресе алмайды. Біз сондықтан да тұрғындарға жеке күзет қызметін тұтынуды ұсынып жүрміз. Мысалы, біздің кеңесімізбен бұған дейін 1 248 пәтер жеке күзет қызметіне қосылды. Қала бойынша 4 875 подьезге темір есіктер мен арнайы домофон қойдық. Бұдан бөлек көпқабатты үйлердің ауласына 15 71 камера орнатылды, - деді БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.

Тәртіп сақшылары тынымсыз күресіп келе жатқан қылмыстың тағы бір түрі - алаяқтық. Өкінішке орай әзірге бұл істі толық құрықтау мүмкін болмай отыр.

- Алаяқтық қылмысты ашудың өзіндік қиындығы бар. Себебі қылмыскер басқа қалада ал зардап шегуші басқа қалада отырады. Бірақ біздің тәртіп сақшыларымыз өзге аймақтарға іссапарларға шығып, тергеу жұмыстын жүргізіп келеді. Осының нәтижесінде 35 қылмыс ашылып, 58 қылмыскер ұсталды. Мұның ішінде 18-і басқа қалада тұратын алаяқ. Біздің облыс аумағында алаяқтық фактілерін жасаған 39 адам ұсталды, - деп атап өтті полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале