30.11.2021, 11:40
Оқылды: 94

Оралда 19 мектеп, 26 мемлекеттік балабақша, төрт қосымша білім беру ұйымы ашылған

Қазіргі уақытта қаламызда 59 күндізгі мектеп, 50 мемлекеттік балабақша бар және 84 жеке балабақша мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 11.15.57

-1986 жылы қазақ рухының қыраны Жұбан Молдағалиев қазақ мектептерінің аздығын айтқан болатын. Шынында сол жылдары қаламызда қазақ мектептерінің саны не бары үш пайызды құрады. Ал бүгінгі күні Оралда қазақ тілінде білім беретін мектептер саны 87 пайызды құрайды. Яғни, қаладағы 58 мектептің 27-сі – қазақ тілінде, 7-і – орыс тілінде оқытады, ал қалған 24-сы – аралас мектептер. 1991 жылы 31 мың оқушы болған болса, бүгінде қала мектептерінде 59 319 (0-11 сынып) оқушы білім алуда. 16 мыңдай бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, - деді шаһар басшысы.

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале