24.02.2023, 11:16
Оқылды: 2265

Оралда 77 жастағы зейнеткерді тонап кетті

20 ақпан күні түскі мезгілде 77 жастағы зейнеткер әйел сауда үйіндегі ақша айырбастау пунктіне келіп, рубль ақшасын айырбастамақшы болған, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

550e583d-8531-4841-8079-8f52ee38c28a

Күнде жаңартылып тұратын электронды таблоға қарап, ақша курсын қарайды да кейін келемін деп шешеді.

Алайда әйелдің қимылдарын жіті бақылаған қаскүнем көшеге қайта шыққан зейнеткердің артынан ілесіп отырады. Үйіне дейін жетіп, подъездің алдына келе бергенде басынан ұрып, құлатып, қолындағы пакетін тартып алады. Пакет ішінде азық-түліктері мен айырбастамақшы болған  200 мың теңге көлеміндегі ақшасы салынған әмияны бар.

Орал қ. ПБ Абай Пб қызметкерлері қолданған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 47 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам ұрланған ақшаны жойып үлгерген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азамат Орал қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале