21.10.2020, 10:42
Оқылды: 105

Оралда «Әбу Насыр әл-Фарабидің тарихи-философиялық мұрасы» республикалық ғылыми-теориялық онлайн конференция өтті

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы екендігі белгілі.

конф 1

Аталмыш мерейтойға байланысты Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау» жеке қоры республикалық «Әбу Насыр әл-Фарабидің тарихи-философиялық мұрасы» атты ғылыми-теориялық онлайн конференция ұйымдастырды.

Конференцияға философия және теология ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану кафедрасының профессоры, Яссауитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Халықаралық Рухани мұра» қорының президенті, Досай Кенжетай, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Шығыстану кафедрасының профессоры, шығыстанушы арабист, фарабитанушы Самал Төлеубаева, тарих ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Мұқтар Қожа, филология ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми бөлімінің басшысы Мұрат Сабыр, философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Мүбарак» университетінің Академиялық мәселелер департаментінің директоры Жалғас Сандыбаев, философия ғылымдарының докторы (PhD), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре, тарих ғылымдарының кандидаты, «Бозоқ» мемлекеттік қорығының ғылыми хатшысы Зүбайда Сураганова, тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сорбонн-Қазақстан институты, Халықаралық қатынастар кафедрасы доценті Ғани Меңілбаев, философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, Әл-Фараби орталығының директоры Бекжан Мейрбаев қатысты.

конф 2

Еліміздің маңдайалды ғалымдары қатысқан конференция барысында Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларындағы философиялық көзқарас, тарих және мәдениет: өткені мен болашағы, көшпенділер мәдениетінің құндылықтары, қоғамның дамуындағы саяси-әлеуметтік ойдың қалыптасуы, әбу Насыр әл-Фараби шығармаларындағы түрік философиясы мәселелері қаралады.

Ғылыми-теориялық онлайн конференция Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында өтті.

 

Ж.Құрымбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале