8.02.2024, 12:30
Оқылды: 51

Оралда ер адамның өліміне қатысты күдіктіні бір аптадан бері іздеп жатыр

Оралдағы Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінен 2 ақпан күні ер адамның мүрдесі табылған болатын. Осы іске қатысты күдіктіні полиция әлі тапқан жоқ. Оқиғадан бері 7 күн өтті. 

Полиция ЖП

- Кісі өліміне қатысты күдікті әлі ұсталған жоқ. Полиция департаментінің жеке құрамы күдіктіні іздеуді жалғастырып жатыр, - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек Абай полиция бөлімі аса ауыр қылмыс жасады деген үш ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Кейін БҚО Полиция департаменті ақпаратты растады.

- Полиция өкілдері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен үш ер адамды іздестіріп жатыр. Бүгінгі күні олар әлі іздестірілуде, - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іздеудегі үш адам Дәулеткерей көшесіндегі қылмысқа қатысы бар ма жоқ па белгісіз. Полиция әзірге ол туралы ақпарат берген жоқ.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале