30.03.2021, 12:40
Оқылды: 200

Оралда «Ақсайжылуқуат» МКК-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 30 сәуірде сағат 15.00-де «Ақсайжылукуат» МКК-ның 2021-2026 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметалардың жобаларын қарау бойынша келесі қызметтеріне жария тыңдау өтетінін хабарлайды:

97603CA0-982B-447E-896B-7E764720F59B

1) Бөрлі ауданының ауылдық округтерінің тарату желілері бойынша су беру;

2) тарату желілері бойынша су беру;

3) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау;

4) сарқынды суларды бұру, тазарту қызметтеріне.

Жария тыңдау мына мекенжайда өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 208.

Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, «COVID-19» коронавирустық инфекциясын таратпау мақсатында Батыс Қазақстан облысының  тұрғындары және өзге де мүдделі тұлғалар «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимінде Жария тыңдауға қатыса алады (https://zoom.us/j/97967548132?pwd=U3pkNGpEeGJHSndXaTFYSUVDM3VBdz09, конференция идентификаторы: 979 6754 8132, кіру коды: YG6AA5) және Департамент басшысының Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге басшының аты Алмас Отаровты енгізу қажет.

Кез келген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қоя алады және оларға жауап ала алады.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112) 250383.

Суреттің дереккөзі: old.syrboyi.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале