«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Оралда «Ақжайық жас дарыны – 2023» облыстық форумы өтуде

Дәл қазір шаһардағы Оқушылар және жастар сарайында республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына арналған «Ақжайық жас дарыны – 2023» облыстық форумы өтуде.

0aeef387-0c62-4ade-af76-29ed2cd9001c

Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өңірдің дарынды оқушыларымен кездесуде.

Форумға облыс атынан 2022-2023 оқу жылында республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар қатысуда.

e7534e6b-67cb-4ea9-a6a9-24c0c623bd55

Айта кетейік, жеңімпаздардың өңір басшысымен кездесуі жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді.

f3182832-8670-4aee-bb96-e1b88cb19cba

2022-2023 оқу жылында аталған олимпиадалар мен конкурстарға қатысып 55 шәкірт (59 медаль) үздік атанған. Оның ішінде алтын медаль иегерлері – тоғыз, күміс медаль иегерлері – тоғыз, ал қола медаль иегерлері – қырық бірді құрайды.

76403f77-a07c-4099-970e-5e97028f95c6

– Құрметті ата-аналар, жас достар! Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басты мақсат – Республиканың интеллектуалды әлеуетін сақтау және қазақстандық жастардың қабілетін ескеріп, зиялы қауымды дайындау. Болашағы бар жастарға қамқорлық жасау – ежелден келе жатқан дәстүр. Таланттар – іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы. «Жас келсе – іске» деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Еліміздің болашағы, мемлекетіміздің діңгегі – жас жеткіншектер. Ал олардың әр жетістігі – ата-ана үшін үлкен қуаныш! Облысымызда білім саласына ерекше назар аударылады. Жыл сайын жаңа білім нысандары пайдалануға беріліп, материалдық-техникалық жағынан нығаюда. Әрбір жас жеткіншектің  дарыны мен талантын ашу үшін мемлекет барлық жағдайды жасайды. Өз білімін, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға тырысатын жастарға қолдау көрсетеді.

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл», - деп ұлы данышпан Жүсіп Баласағұн айтқандай, осы ақыл мен білімін ұштастырып көптеген олимпиадалар мен жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген балдырғандарымызға қошемет көрсету – біздің алдымыздағы үлкен міндет!

448ca648-1cf0-4c12-9641-1e541b94543d

Құрметті жас достар! «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар!» Сондықтан сіздер өз білімдеріңізбен әлі талай биік шыңдарды бағындырасыздар! Егеменді еліміздің тұғырын биіктетіп, күш-қайраттарыңызды ел игілігіне жұмсайтындарыңызға сенімім мол! Біз сіздерге үлкен үміт артамыз! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!, - деді жиынға қатысқан өңір басшысы.

zhaikpress.kz

Фотоға түсірген Гүлмира Сарсенғали

IMG-20230530-WA0090 IMG-20230530-WA0089 IMG-20230530-WA0082 IMG-20230530-WA0086 IMG-20230530-WA0085 IMG-20230530-WA0088 IMG-20230530-WA0087 IMG-20230530-WA0084 IMG-20230530-WA0083 WhatsApp Image 2023-05-30 at 09.24.55 (3) WhatsApp Image 2023-05-30 at 09.24.55 (2) WhatsApp Image 2023-05-30 at 09.24.55

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале