24.09.2024, 15:45
Оқылды: 126

Оралда алдағы саяси науқанға дайындық қарқынды жүріп жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сауалына республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.

22A41CED-6F9F-4386-8541-C6093E8F52A7

Бүгінде Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясы (АРК) саяси науқанды өткізуге жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр. Жалпы Орал қаласы бойынша 130 учаскелік референдум комиссиясы болса, аталған комиссия құрамдарында 1 020 қызметкер жұмыс жасап жатыр. Бұл жөнінде Орал қаласы аумақтық референдум комиссиясы хабарлады.

Қалалық АРК құрамы – 7 адамнан құралды. Референдум комиссияларының құрамы мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен бекітілді. Комиссиялардың құрамы мен орналасқан жері туралы барлық ақпарат қала әкімдігі сайтының «Референдум 2024» бөлімінде орналастырылды.

– Қала халқы санының өсуіне орай дауыс берушілерге барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында 2024 жылы шаһардың «Жұлдыз» шағынауданында, №10, 6 шағынаудандарда және Зашаған кентінде бес жаңа учаске құрылды. Сондай-ақ 11 учаскенің шекарасы, 5 учаскелік референдум комиссиясының орналасқан жері өзгертілді. АРК жұмысындағы маңызды бағыт-учаскелік референдум комиссияларының дайындық деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтар мен қателіктерге жол бермеу саналады. Референдум тағайындалған сәттен бастап қалалық учаскелік комиссиялардың барлық мүшелері толықтай оқытудан өтті. Семинарлар барысында сайлау кезіндегі болуы мүмкін әртүрлі жағдайлар қарастырылып, дауыс беру күні рөлдік ойын түрінде сахналанды. Қазіргі уақытта учаскелік комиссиялардың барлық мүшелері Қазақстан референдумының Орталық комиссиясы ұйымдастырған білімді тексеру бойынша онлайн-тестілеуден өтіп жатыр, - деді Орал қаласы АРК төрағасы Мұхтар Давлетжанов.

56119DE0-413C-47DF-AB93-B49A2483AEF9

Төрағаның айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының басты міндеті – сайлаушыларға дауыс беру орны, күні және уақыты туралы хабардар ету. Бұл ақпараттар барлық БАҚ-та, сайттарда және әлеуметтік желіде таратылып жатыр.

Бұдан бөлек қала ішінде 19 ақпараттық баннер ілініп, жеті жарықдиодты экран іске қосылды. Сондай-ақ сайлаушыларды референдумға шақырту мақсатында ұялы телефондарына SMS жіберу жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале