26.12.2022, 15:00
Оқылды: 1945

Оралда апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер берілді

Бүгін Оралда тоғыз қабатты үйдің кілті табысталды. Айта кетейік, Ш. Айталиев көшесінде орналасқан үйде 108 пәтер болса, оның отызы апатты үйдің тұрғындарына берілді.

EEA80426-EF77-49F6-A7EA-A830796A628C

–Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Мереке қарсаңында асыға күткен пәтер иелеріне кілтті табыстаймыз. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Реновация бағдарламасы арқылы бой көтерген үйлер қалада тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқандығының белгісі. Апатты және тозығы жеткен жеткен үйлердің орнына реновация бағдарламасы арқылы жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асырып жатырмыз. Бағдарлама аясында 220 пәтері бар 28 апатты үй бұзылып, 13 жаңа үй салынды. Қазір қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» салымшыларына арналған төрт тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар жеті тұрғын үйді 2023 жылы пайдалануға бермекпіз. Тұрғын үй құрылысы ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Бұл үйде құрылыс компаниясы жаңа технологияларды қолдана отырып аяқтады. «Болашақ-Т» компаниясына алғыс айтамын, – деген облыс әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарға үйдің кілтін табыстады.

D6FBE4B3-EB6C-4EA6-AD42-A3BC577B918C

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оралда 52 апатты үй болса, 353 ескі үй бар.

-Реновация бағдарламасы аясында Оралда 28 апатты үй сүрілді. Осыған дейін он үш үй салынды. Бүгінгі 108 пәтерлі тұрғын үй он төртінші үй болып саналады. Біз тұрған ауданда жеті апатты үй бұзылып орнына бес үй салынады. Үш жүзге жуық отбасы жаңа пәтердің иесі атанады. Былтыр қаланың солтүстік шығыс бетінде алпыс төрт пәтерлі тұрғын үй берілді. Бұдан басқа жүз сексен пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Жалғыз үйлері апатты деп танылған 244 адам кезекте тұр. Бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырып, үйді тапсырсақ жоспар орындалады, – дейді қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай.

 

Динара Насыр,

Суреттерді түсірген Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

3F427E84-4C7C-4D24-A8DA-4AAEF8B1D95615D91BC0-9759-4FC1-B22F-10D6417D5A0E9B5E8920-7FA8-4E47-BFF2-EF67042D8634

 230203DF-2706-4991-ABB4-C3A231D3DD042515FDC2-9FED-435C-8F49-DCDFB066A4355CAF028D-F7C9-42BD-8D8C-6EA72C54D7275DD85F05-7C00-436C-8E1B-1F3777869BF35D7588B0-FE34-4E90-B658-C746A71DB6222DFA52A9-0B58-4890-A9F6-658355B638208B3EB808-FC45-4DDD-AE87-93B612EC9124

3DB48D54-0D85-4318-B811-F86F478815F6

IMG-20221226-WA0040

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале