21.02.2024, 12:00
Оқылды: 18

Оралда арқан тартудан үздіктер анықталды

«Орал» спорт клубы арқан тартыстан Орал қаласының ашық чемпионатын өткізді. Жарысқа Бәйтерек, Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Тасқала аудандары мен Орал қаласы және Бірлік командалары қатысты.

f7f44cab-d61f-4e8a-a5ea-cc7b5e235d6d

Білекті қыз-жігіттер сайысы тартысты өтті. Өліспей беріспеген арқан тартушылар сайысының қорытындысында әйелдер командалары арасындағы бәсекеде Тасқала ауданының қыздары жеңімпаз атанса, ерлер сынын Бөрлі ауданының командасы жеңіп алды. Екінші орын Казталов, үшінші орын Орал қаласының атынан сынға түскен «Қыран» командасына бұйырды.

Енді жарыс жеңімпаздары Атырау қаласында өтетін батыс аймақтық іріктеу жарысында облыс намысын қорғайды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале