8.10.2021, 15:31
Оқылды: 202

Оралда "Ашық аспан астындағы музей-қала" экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті

Орал - тарихи-мәдени ғимараттары, ескерткіштері, көне мұралары сақталған тарихи қалалардың бірі. Оның түп тарихын келер ұрпақтың санасына сіңіру туризм, өлкетану саласында жұмыстанып отырған мамандардың бірден-бір міндеті.  Жоғарыда аталғандай тарихи-мәдени мұраларымызды біліп тануға, келер ұрпақтың өлкетануға деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру мақсатында "Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жыл сайын қала мектептері оқушылары арасында экскурсиялық бағдарлау жарысын өткізіп келеді.

AAE0BD7E-7543-4B84-B75F-C73B095E773C

Экскурсиялық бағдарлау жарысында оқушылар тарихи ескерткіштерді зерттеп қоймай, қаланы бағдарлай білуге үйренеді. Биылғы жарысқа қаланың білім беру мекемелерінен 19 мектеп, 80 оқушы қатысты. Оқушылар экскурсиялық бағдарлау, "Орал - Қазақстанның ежелгі қаласы" номинациялары бойынша бақтарын сынап, жарысқа үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жарыс барысында оқушылар әрбір бақылау пункттерінде тарихи-мәдени ескерткішпен танысып қоймай, ескерткішке байланысты берілген тест тапсырмаларын командамен жарыса орындады. Сонымен қатар берілген үй тапсырмасына сәйкес қаланың әрбір мектебі экскурсиялық маршрут құрып, құрылған маршрут бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жарыс қорытындысы бойынша: экскурсиялық бағдарлаудан І орынға №16 ЖОББМ, ІІ орынға Круглоозерный ЖОББМ, ІІІ орынға №10 ЖОББМ ие болды.

E61C0CF8-9BCA-4F63-9044-44746C46842C

"Орал - Қазақстанның ежелгі қаласы" номинациясы бойынша І орынды №30 ЖОББМ, ІІ орынды №26 ЖОББМ, ІІІ орынды №49 ЖОББМ өзара бөлісті.

Жалпыкомандалық есепте І орынды  №30 ЖОББМ, ІІ орынды №49 ЖОББМ, ІІІ орынды №26 ЖОББМ иеленді.

Самал Бектыбаева,

"Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы өлкетану бөлімінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале