2.06.2022, 15:00
Оқылды: 109

Оралда әскери прокурор референдум маңызын түсіндірді

Жуырда ел тарихындағы елеулі оқиға орын алмақ. Конституциялық референдумға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан қалыс қалмай, түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуда.

IMG-20220601-WA0038 (1)

Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында Орал гарнизонының әскери  прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раев Ұлттық ұланның 5517-әскери бөліміне арнайы келіп, жеке құраммен кездесті.

-Референдум бұл - азаматтарымыздың өмірін өзгертетін нақты қадам. Біз Мемлекет басшысы айтқандай, болашақта Жаңа Қазақстанды құрамыз. Президенттің өзі: «Біздің азаматтарымыз «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты өте жиі қояды. Меніңше, бұл сауалға қысқа әрі толыққанды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан - бұл шындығында Әділетті Қазақстан»,-деген болатын. Әділетті қоғам тек заң үстемдігі бар жерде орын алады. Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі – заңдылықты қадағалау. Біз референдум арқылы еліміздің экономикалық, саяси және адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласында даму жолын бастаймыз. Осының барлығы тек оң өзгерістер арқылы жүзеге асады,- деді әскери прокурор.

PHOTO-2022-04-25-11-01-41 (1)

Кездесу соңында сарбаздар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара өзара түсіністік негізіндегі диолог құрумен аяқталды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале