1.05.2023, 17:53
Оқылды: 75

Оралда әскери тілшілердің жиыны өтті

  Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде жас әскери тілшілердің бір күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті.  

image-01-05-23-04-17

        Бұл оқу - әдістемелік жиынның негізгі мақсаты - әскери қызметшілердің, газет беттеріне  материалдар жазу бойынша практикалық көмек көрсету, журналистика саласының басты қағидалары мен таныстыру еді. Оқу-әдістемелік жиын барысында түрлі тақырыптар бойынша практикалық және нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізіліп, «Ақжайық» телеарнасының журналистері әскери қызметкерлермен практикалық сабақтар жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

image-01-05-23-04-17 (1)

Әскери бөлімнің қызметкерлері "Ақжайық" телеарнасының ұжымына  бір күндік оқу-әдістемелік жиынды ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыстарын білдірді. Әскери қызметшілер жиын барысында  мақала, репортаж, жаңалықтар қалай түсіріп және жазылу керектігі жайында  терең дәріс алды.

Ертуған Әубәкір,

капитан

zhaikpress.kz  

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале