24.10.2023, 18:00
Оқылды: 60

Оралда әскерилер Республика күнін атап өтті

Оралда әскерилер Республика күнін атап өтті.

PHOTO-2023-10-24-17-43-35
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері Республика күнін кең көлемде тойлады.

Мерекенің салтанатты рәсімі Қазақстан Республикасының гимнін шырқаумен басталды.

PHOTO-2023-10-24-17-43-55
Шара барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы полковник Ерден Балғымбае баяндама жасап, Республика күнінің тарихына тоқталып, басқарма жеке құрамына Республика күні туралы бейне фильм ұсынылды.

PHOTO-2023-10-24-17-45-44
Шарада «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Нариман  Акбаров сөз сөйлеп, басқарма офицерлерін ұлық мерекемен құттықтап, айтулы күннің мәні мен маңызын жеке құрамға жеткізді. Сондай ақ қызмет барысында үздік деп танылған әскери қызметшілерге құрмет көрсетіп, алғысхаттар мен грамоталар табыстады.

Шара барысында 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі әскери және патриоттық әндерді орындап шараның шырайын кіргізді.

PHOTO-2023-10-24-17-44-24

Ертуған Әубакир,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале