27.10.2018, 13:42
Оқылды: 74

Оралда Астананың 20 жылдығына арналған жастар форумы өтуде

Оқушылар және жастар сарайында Астана қаласының 20 жылдығына және "Астана-Орынбор" жастар форумына арналған іс-шаралар аясында форум өтуде.

IMG-20181027-WA0006~2

Орынбор және Астана қаласынан келген жастарды батысқазақстандықтар жылы қабылдады. Форум әлеуметтік белсенді, талантты жастарды анықтау, кәсіби және шығармашылық құзыреттілігін арттыру, көрші елдердің арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдесуге бағытталған."Өз тарихын ұмытқан халықтың болашағы болмайды" деген ұранды ұстанған форум барысында жастар тарих, туризм, хакатон бөлімдері бойынша жұмыстанды. Шараға Астана қаласындағы "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Батырхан Жұмабаев, Назарбаев Университетінің бизнес-акселератор менеджері Айнаш Сейітова, Орынбор қаласынан "Орынбор аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы" қоғамдық ұйымының белсендісі, "Орынбор облысы қазақтары" қоғамдық жастар ұйымының белсендісі Жанат Байсарина, тағы да басқалар қатысуда. Тақырыптық жұмыстардан соң, жастар пленарлық мәжілісте бас қосты. Мәжілісті облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошеваашты. "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Батырхан Жұмабаев Қазақстандағы, облыстағы қасиетті жерлер, оларды анықтау және сақтап, қорғау жұмыстары жөнінде баяндады. Шара соңы делегация өкілдерінің Орал қаласының көрікті жерлерін, мәдени ескерткіштерін тамашалаумен жалғаспақ.

IMG-20181027-WA0002

Zhaikprees.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале