25.12.2022, 11:26
Оқылды: 64

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221225095819642e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 желтоқсан күні шамамен сағат 16.35-те Н.Назарбаев пен А.Карев көшелерінің қиылысында болды.

№12 бағытта жүретін жолаушылар автобусы мен «Мазда» жеңіл көлігі түйіскен. Жол апаты салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді.

Сондай-ақ осы күні сағат 19.35-те Құрманғазы мен А.Карев көшелерінің қиылысында «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі «Фольксваген Тигуанға» жол бермей, соқтығысқан.

Салдарынан «Лада Приора» арыққа түсіп кетсе, екінші көлік тұрғын үйге барып соғылған.

2212250956288430f

Осы екі оқиға бойынша полиция қызметкерлері жұмыс істеді, жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік аялдамаға соғысып, 64 жастағы жүргізушінің ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

2212250956288434f

2212250956288431f

2212250956288432f

2212250956288433f

Фото: әлеуметтік желілер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале