22.03.2020, 15:27
Оқылды: 97

Оралда автокөлік қоршауға ілініп қалды

Оралда жол апатынан кейін «Вольво» автокөлігі темір қоршауға ілініп қалды.

photo_313243

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 наурыз күні сағат 23.50 шамасында Депо көпірі ауданында Деповская мен Куличев көшелерінің қиылысында орын алды. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖ департаментінің қызметкерлері өрттің шығуына жол берген жоқ. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен темір қоршауды кесіп, автокөлікті жолға түсірді. Апаттық-құтқару жұмыстарына барлығы 10 адам, 2 техника жұмылдырылды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда бір адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Ол бүгін жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале