5.03.2019, 10:52
Оқылды: 84

Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы басталды

- Бұл айтыс - ерекше айтыс. Министрлер кабинетінің ауысуы, «Nur Otan» партиясының XVIII кезекті съезі, саяси реформалар секілді үлкен өзгерістер болды. Елбасы жаңа үкімет мүшелеріне көңілге қонымды тапсырмалар берді. «Мəңгілік ел», «Ұлы даланың жеті қыры» идеяларын мемлекет басшысы тегін жариялап отырған жоқ. Біз - тарихы терең, текті халықпыз. Қазақ болып туғанымызды мақтан тұтып, алшаңдап жүруіміз керек, - деді сахнада алғаш болып сөз алған ақын Жүрсін Ерман.

aitys (5)

         Одан кейін облыс əкімі Алтай Көлгінов ақындарды қош алып, ел рухын көтерер өлең-жыр өрбітуге сəттілік тіледі.

         Республикалық айтысты ұйымдастыруға БҚО əкімдігі қолдау білдіруде. Жастар жылына байланысты өтіп жатқан сөз сайысына 20 ақын қатысады. Олардың қатарында Мақсат Аханов (Қарағанды), Рауан Хайдаров (Павлодар), Жандарбек Бұлғақов (Астана), Ержан Əміров (Қызылорда), Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов (Орал) сынды азулы ақындар бар.

         Қазылар алқасының төрағасы - ақын Несіпбек Айтұлы. Алқа құрамында Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртөре Жүсіп, ақындар Бауыржан Жақып, Ахметжан Өзбеков, Шолпан Қыдырниязова, Дариға Мұштанова бар.

aitys (2) aitys (7) aitys (8) aitys (9) aitys (10)

Нұртай Текебаев,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале