9.03.2021, 10:48
Оқылды: 206

Оралда «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 15 наурызда сағат 11:00 - де Батыс Қазақстан облысының географиялық шекарасында электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Батыс энергоресурсы» ЖШС - ның электр энергиясына бағаның алдағы өсуі туралы хабарламасына байланысты жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

E35D13D5-D155-4666-8175-8A865A1110C7

Жария тыңдау мына мекенжайы бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 208.

Облыстағы карантиндік режимді ескере отырып, "COVID-19" коронавирустық инфекциясын таратпау мақсатында Орал қаласының тұрғындары және өзге де мүдделі тұлғалар "ZOOM" қосымшасы арқылы онлайн режимінде Жария тыңдауға қатыса алады (https://zoom.us/j/95151500189?pwd=MUVkUEt1V2tNbHVSdUtCQTBKRTJLUT09 конференция идентификаторы: 951 5150 0189, кіру коды: 5j6c26) және Департамент басшысының Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге басшының аты Алмас Отаров енгізу қажет.

Кез келген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қоя алады және оларға жауап ала алады.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.

 zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: ayu.edu.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале