17.02.2024, 10:00
Оқылды: 20

Оралда Билер Кеңесі көмегімен отбасы сақталды

Батыс Қазақстан облыстық сотымен неке бұзу істерінің санын азайту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда тараптарды татуластырып, шаңырақты шайқалтпай сақтап қалу мақсатында мүдделі қоғамдық ұйым Батыс Қазақстан облысы Билер Кеңесімен бірлесе отырып сотқа дейінгі дауды шешудің жолдарын қолға алып бастады. 

IMG-20240216-WA0024

Статистикалық деректерге сүйенсек, сотқа 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін некені бұзу туралы 286 талап-арыз түскен.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотымен, бір күн ішінде талапкер Н-ның жауапкер Ж-ға және талапкер Ш-ның жауапкер Р-ға некені бұзу туралы талап қою арыздары бойынша екі азаматтық іс қаралды.

Бірінші істің құжаттарына сәйкес, Н және Ж 2007 жылы заңды некені тіркеген. Некеден кәмелетке толмаған үш балалары бар. Талап қоюшы Н. талап қою арызында жұбайының алкогольдік ішімдікті шамадан тыс пайдаланатынын айтып, некені бұзуды сұраған.

Екінші азаматтық іс бойынша, талапкер Ш жауапкер Р-мен 2017 жылы некені тіркегені, осы некеден кәмелетке толмаған бір баласы бар екені анықталды. Жауапкер өзінің отбасына жауапсыздықпен қарағанынан, құмар ойындарды ойнайтындықтан, үйге бірнеше күн келмейтіндіктен талапкер мен жауапкердің арасында неке қатынастары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тоқтаған. Ары қарай жауапкермен бірге өмір сүрудің мүмкін болмағандықтан, талап қоюшы некені бұзуды сұраған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында судья тараптарға істі бітімгершілік рәсімдерді қолдану арқылы реттеу мүмкіншілігін, Билер Кеңесінің көмегіне жүгінуге құқылы екендерін түсіндірді.

Осы құқықты пайдалана отырып, ерлі-зайыптылар Билер Кеңесіне жүгінді. Дауды қарауға Билер Кеңесі төрағасының м.а Мектеп Сүлеймен мен психолог қатысты.

Ерлі-зайыптылар отбасында жанжалдың жиі орын алып тұратынын жеткізді.

Бірінші талап арыз бойынша, Билер Кеңесінің отырысында ерлі-зайыптылардың арасында болған жанжалдың себебі күйеуінің алкогольдік ішімдікті шамадан тыс пайдалануы болғаны анықталды. Әңгімелесу барысында Мектеп Сүлеймен талап берушінің жұбайы – ер азаматқа ақылын айтып, оны әйелімен татуластырды.

Билер Кеңесінің мүшесі тараптарға кезінде ата-бабаларымыз дуалы ауыз ақсақалдардың әділ шешіміне тоқтағанын, дауласып, шулағаннан ел арасындағы татулық, ағайын, көршілер арасындағы сыйластыққа сызат түсетінін айтып, мәселені құқықтық алаңда, ашуға емес ақылға салып шешкен жөн болатынын және «Ең дұрысы – татуласу, келісу, бітімге, бір мәмілеге келу екенін айтып түсіндірді. Одан екі жақ та ұтады. Уақыт жоғалмайды, ақша да үнемделеді, қарым-қатынас та үзілмейді- деген мәселенің дұрыстығы практикада, яғни іс жүзінде байқалып отыр.

Осылайша Билер кеңесінің көмегімен өткізілген әңгімелесулердің нәтижесінде дауласқан ерлі-зайыпты екі жұптың біреуі өзара келісімге келіп, осылайша Билер Кеңесі сотқа жүгінудің алдын алып қана қоймай, отбасыны сақтап қалды.

Билер Кеңесінің мүшелері өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жанжалдарды, оның ішінде отбасы дауларын шешуге де көмектеседі. Даулардың түпкілікті шешілуі жанжалдасқан тараптардың бір-біріне деген жағымсыз сезімдері мен реніштерінің қалмауы билер кеңестері жұмыстарының бірегейлігін айқындайды.

Нәтижесінде сотқа жасақталған медиативтиік келісімді ұсынылды. Соттың ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале