13.02.2019, 17:26
Оқылды: 29

Оралда бір жылда оқушылар саны 3,5 мыңға артқан

Бұл қуанышты жаңалықпен қала әкімі Мұрат Мұқаев есептік кездесуінде бөлісті. «Қала халқының өсуі мектеп санын арттыруды қажет етеді. Бізге бұл мәселені шешуде облыс басшылығы зор қолдау көрсетуде. Өткен жылдың өзінде Деркөлде және Зашаған кентінде жаңадан 3 мектеп ашылып, қолданысқа берілді» деді қала әкімі.

IMG_9751

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 51 мектеп, 50 мемлекеттік және 40 жекеменшік балабақша, 30 шағын орталық және 10 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді.  Бүгінде қала мектептерінде барлығы 46,5 мыңға жуық оқушы білім алуда.

-Мемлекет тарапынан материалдық-техникалық қолдауға ие болған оқушыларымыз биыл да жақсы көрсеткеш көрсетуде. 2018 жылы 1777 түлек мектеп бітіріп, 734-і грант иегерлері атанды, оның ішінде 3 түлек Назарбаев Университетіне түсті. «Алтын белгіге» 64 үміткер толықтай өз білімдерін дәлелдеді. Оқушыларды дайындау барысында  жетістікке жетіп жүрген ұстаздарымыз да баршылық. Халықаралық деңгейдегі байқаулардан 3 педагог, республикалық  байқаулардан 45 ұстазымыз  жүлделі орынға қол жеткізді,-деді Мұрат Мұқаев.

2018 жылы 3500 баланы қамтитын 40 жекеменшік бала-бақша 674 млн. теңгені қамтитын мемлекеттік білім тапсырысына ие болды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Мысалы 2014 жылы аталған сомма 28 млн. теңгені құраса, соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 25 есеге артқан. Жалпы қала бойынша барлық балабақшаларда 15 мың бала тәрбие алуда.

zhaikpress.kz

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

IMG_9725 IMG_9727 IMG_9728

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале