23.07.2020, 14:18
Оқылды: 110

Оралда дәріханаларда жоқ дәрілерді заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды

Оралда дәріханаларда жоқ дәрілерді заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды.

030E71BA-A6B4-4016-BC17-9E3B2F040E0A

ҚазАқпарат жариялаған мәліметке қарағанда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес карантин кезінде өңірде фармацевтикалық қызметтің дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторингтік топтар жұмыс істеп жатқанын айтқан. Аталған топтар қала мен аудандарда күні бүгінге дейін 300-ден астам дәріханаға мониторинг жүргізген. Іс-шаралар барысында заңбұзушылық анықталған. Атап айтқанда, 14 шілде күні департаментке карантин кезінде бір азаматтың Орал қаласының дәріханаларында жоқ дәрі-дәрмекті (ингавирин, цефтриаксон, азитримицин) заңсыз сатып жүргені туралы арыз түсіпті. Сол күні өтініш берушінің қатысуымен аталған тұрғыннан 5 қорап ингавирин, 5 қорап азитримицин және 38 ампула цефтриаксон сатып алынған. Мұның жалпы құны 66 830 теңгені құрады. Материал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 424 және 426-баптарына сәйкес БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. «Аталған азаматқа қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған болатын. Соның нәтижесінде дәрі-дәрмекті лицензиясыз сатқаны үшін оған сот шешімімен айыппұл салынды. Ал тіркелмеген дәрі-дәрмекті сату дерегі бойынша іс сотта қаралуда», - деді Н.Самет. Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар Президенттің «СҚ-Фармация» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жасау туралы тапсырмасына сәйкес COVID-19 әлемдік пандемиясы кезінде Қазақстанға келетін барлық гуманитарлық көмектің соңғы тұтынушыға дейін жетуі бақылануда. Қазіргі таңда Катардан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан, Қытайдан, Ресей мен Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті. Соның ішінде «Коронавир» дәрісі және жеке қорғаныс құралдары бар. Алыпсатарлық деректерін болдырмау мақсатында әр дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары арнайы «БҚО Гуманитарлық көмек Тегін» мөртаңбасымен таңбаланды.

«Бұл гуманитарлық көмектер БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Халықтық бақылау» комитеті, қоғам өкілдері мен еріктілердің қатысуымен облыстық, қалалық және аудандық ауруханаларға, провизорлық стационарларға жеткізілуде», - деді Нұрдәулет Самет.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале