16.03.2024, 15:56
Оқылды: 17

Оралда дәстүрді ұлықтаған іс-шара өтті

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Салт дәстүрім – қазынам» атты іс-шара өтті. 

WhatsApp Image 2024-03-16 at 15.21.17 (4)

Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған іс-шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұханғалиев, ардагер-жупналист, өлкетанушы Тихон Әліпқалиұлы, музей саласының ардагері, ҚР мәдениет қайраткері Сара Танабаева, М.Өтемісов атындағы БҚУ ардагер-ұстазы, тарихшы, өлкетанушы Балқия Бақтығұлова және студенттер қатысты. «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді.

WhatsApp Image 2024-03-16 at 15.21.17

Іс-шара барысында қонақтар ұлттық құндылықтар, бесікке салу дәстүрі жөнінде баяндады. Одан соң алтын құрсақты ана Жаңылай Арыстанова қазақ халқының бесікті киелі, қасиетті мүлік санағаны жөнінде әңгімелеп, бесіктің жабдықтарымен таныстырды. Бесікті аластап, «тыштырма» дәстүрін көрсетті. Жұмалиевтер әулетінің немересі Томиристі бесікке салды. Бесік жыры айтылып, қариялар бата берді. Мерекелік іс-шараны облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Толығырақ «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

 #nauryznamabqo

 

Айна Имашева,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале