20.09.2018, 20:43
Оқылды: 71

Оралда домбырашылардың республикалық байқауы қорытындыланды (СУРЕТ)

Бүгін күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған домбырашылардың республикалық байқауы қорытындыланды.

IMG_1221

Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде өткен дүбірлі додаға елімізге танымал Айгүл Үлкенбаева, Ермек Қазиев секілді күйшілер қазылық етті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Бөкей ордасы ауданының тумасы, бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Жасқайрат Мұқашев жеңіп алды. Ал бірінші орын оралдық Жасұлан Зинеденге, екінші орын алматылық Ақбөкен Темірге, үшінші орын алматылық Қайрат Жұмағалиевке бұйырды.

Гүлсезім БИЯШЕВА

Суретке түсірген Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

IMG_1231

IMG_1319

IMG_1290

IMG_1306

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале