18.11.2021, 9:30
Оқылды: 78

Оралда екі автокөлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

Оралда екі автокөлік бетпе-бет соқтығысып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қараша күні шамамен сағат 18.20-да Деркөл кенті ауданындағы айналма жолда болды.

«ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы бетте келе жатқан «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысқан.

Соның салдарынан бес адам жарақат алды, олардың біреуі – бала. Бәрі де ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің толықтыруынша, құтқарушылар «ВАЗ-2115» автокөлігіне қыстырылып қалған 30 жастағы жүргізушіні шығарып, жедел жәрдемге тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале