15.04.2021, 9:05
Оқылды: 2158

Оралда «Эльмира Мақашева» театры ашылады

Кеше Орал қаласының білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-ның қолдауымен елге танымал актриса, театр қайраткерлері Одағының БҚО Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры бөлімшесінің жетекшісi, Қырғыз Республикасының «Jeti Oguz жұлдыздары - 2019» IV халықаралық конкурс-фестивалінің «Актерлік шеберлік» аталымы бойынша көркем сөз оқудан Гран-При иегері, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі, дарынды аудармашы Эльмира Мақашеваның "Мақашева театрын" ашу жөніндегі ұсыныс талқыланды.

э2

Жиын барысында Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сисенова театр, мәдениет, өнер  саласында 30 жылдық тәжірибесі бар Эльмира Мақашеваның  өнерін қолдайтындығына сенiм артты.

«Біздің мақсатымыз – қалалық білім басқармасымен келice отырып, театр майталманының тәжірибесін одан әрі дамыта түсу, театр әлеміне қызығушылық танытқан өнерлі өрендерге қолдау көрсету, актерлік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

э4

Сонымен қатар Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов, аталмыш театрдың негізін қалаушы, ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор, актер Мұсағали Бектенов, Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы, «Үздік шығармашылығы үшін» алтын медалiнiң иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Қайыр Оразғалиев, Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Жансая Мусина, қалалық мәдени-ағарту бiрлестiгi "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының көркемдік жетекшісі Әсемгүл Төлепберген сәттілік тілеп, жан жақты қолдайтынын жеткізді.

э333

Өнер тарланына айналған дарынды актриса туралы белгілі журналист Назгүл Мұхамеджанқызы "Ақжайықтың Өмірзақовасы" десе, кезiнде театртанушы, ұстаз, ғалым, аудармашы, профессор Әшiрбек Сығай Г.Хугаевтың "Қара шекпен" қойылымын көре отырып, Эльмира жөнінде «көрерменді бірден өзіне баурап алатын, селт еткізер актриса» деген екен.

Биыл қыркүйек айының соңында ресми түрде ашылатын "Мақашева театрына" әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер қабылданбақ.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале