23.11.2023, 11:45
Оқылды: 76

Оралда ерлер форумы басталды

Оралдағы «Атамекен» өнер орталығында «Ел үмітін ер ақтар!» атауымен ер азаматтар форумы өтіп жатыр.

Айта кетейік, аталған форумды облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтар ұйымдастырған.

форумер

Форум барысында БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, ақын-жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Балмолда, БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхы, «Назар аудар» театрының актері Азамат Аленов, қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог-маманы Бақытжан Сабырәлиев және «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты БҚОФ төрағасының орынбасары Ерлік Шамғали дискуссиялық алаң құрып, ой-пікірлерін бөліспек ниетте.

форумер

Қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Дулат Жүсіпқалиевтің айтуынша, іс-шараның мақсаты – түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды жас ұрпаққа үлгі ету.

форумер

Марлен Ғилымхан,

Фотоға түсірген: Диас Закбаев

zhaikpress.kz

4bd04ff3-81a3-4b8f-948b-4a67dd31b3ec 531f6379-0c84-4a71-b62f-09131845c003

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале