15.06.2022, 16:15
Оқылды: 104

Оралда футболдан қайырымдылық турнирі өтті

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тумасы, жас спортшы, қазақ күресінен БҚО чемпионы, «Жыл үздігі-2021», «Үздік жас спортшы» номинациясы иегері Қалдыбай Нұрхаттың еміне қаражат жинап көмектесу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Jas Otan» Жастар қанаты «Football Time» атты жұмысшы жастар арасында қайырымдылық турнирін ұйымдастырды. 

photo5271760318332256417

Сауапты да салауатты шараға 9 команда тіркелді. «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Архат Жұбайұлы қатысушы командаларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің. Осындай сауапты іс жасауға бізге көмектесіп, атсалысып жатқандарыңызға көп рақмет. Турнирден түскен қаражат, тіпті жүлде қоры Нұрхат бауырымыздың еміне аударылатын болады. Ініміз тезірек сауығып, аяққа тұруына тілектеспіз» - деді бас ұйымдастырушы.

Турнир қорытындысы бойынша «Қошанкөл», «Үштөбе», «Фортуна» және «Махамбет университеті» құрама командалары топтық кезеңнен сүрінбей, финалдық кезеңге өтті. ІІІ орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен құралған «Махамбет университеті» құрамасы, ІІ орынды Ақжайық ауданы «Үштөбе» ФК, ал І орынды Казталов ауданы, Қошанкөл ауылдық округінен құрылған «Қошанкөл» командасы иеленді.

photo5271760318332256409

«Осындай сауапты істі ұйымдастырып, бізді де шақырғаныңызға шексіз алғысымызды айтамыз. Жұмыстарыңызға береке берсін. Нұрхат ініміз жазылып кетсін, Алла шипасын берсін. Рақмет сіздерге!» - деді турнир қатысушысы.

«Jas Otan» БҚО филиалы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале