14.12.2020, 17:42
Оқылды: 147

Оралда инклюзивті кабинет ашылды

Бүгін Орал қалалық жалпы орта білім беретін №5 мектепте инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Қамқорлық» жобасы аясында жүзеге асқан оңалту және инклюзивті білім беретін орталықтың ашылуына Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

96CF478C-00CF-4D38-9CAF-4E4705574769

-Құрметті ата-аналар мен ұстаздар, сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Елбасы қорының қолдауымен облысымызда «Қамқорлық» инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып жатыр. Бұл – ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық. Болашақта Орал қаласындағы және ауылдық елді мекендердегі мектептерде де  ашылатын болады. Кабинетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» акционерлік қоғамы есебінен жүргізді. Аталмыш қоғамға және Елбасы  қорына мүмкіндігі шектеулі  бүлдіршіндерге жасаған игі істері үшін алғыс айтамыз, - деді Бақытжан Хаберұлы.

3F1292AF-6CFD-4FF3-AB24-F6EEB6E074F7

25F89053-5CFE-4627-A5DD-86DC6BB8EB5E

Инклюзивті қолдау кабинеті 27 жабдық түрімен, яғни арнайы жиһаздармен, оқу құралдарымен, арнайы оқу ойыншықтарымен, кіріктірілген оқу бағдарламалары бар интеррактивті панельмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ оқу аймағынан тыс балалардың сергуі үшін де мүмкіндік қарастырылған. Бой сергіту үшін баскетбол аймағы, жұмсақ диван, швед шкаф-купелері бар. Финляндиядан арнайы тапсырыспен алынған жиһаздар мен ойыншықтарға 30 жылдан астам уақытқа кепілдік берілген.

57B31663-A8D1-4232-90B9-3359A50E86D8

-Орал қалалық №5 ЖОББМ-ға ерекше қолдауды қажет ететін 10 бала қабылданды. Сол оқушыларды қоғамдық ортаға дайындау, әлеуметтендіру  мақсатында ұстаздарымыз үлкен дайындық курсынан өтті. Оқытушылар инклюзивті білім беруге толықтай дайын. Дефектолог, логопед, педогог-ассистенттеріміз бар. Инклюзивті кабинеттегі барлық жиһаз антибактериялдық өңдеуден өткен. Ұстаздар қауымы үшін бұл үлкен қолдау деп білеміз. Өйткені мүмкіндігі шектеулі балалар үйде шоғырланып, қоғамнан алыстап қалмау керек. Осы идеяны жүзеге асыру зор жауапкершілікті талап ететінін білеміз. Болашақта жұмыс барысында жинаған тәжірибемізді басқа әріптестерімізбен бөлісетін боламыз,- аталмыш білім ошағының директоры Әсем Бақытжанова.

465BC189-788E-4745-BC95-531BDFA722B2

 Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале