25.10.2021, 12:00
Оқылды: 118

Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мүрдесі орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 58 жастағы Дина Станько биылғы 24 тамызда шамамен сағат 17.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған болатын.

Оны іздестіруге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Оралдағы бейнебақылау камералары қаралып, тұрғындарға сұрау салынды.

Куәгерлердің сөзінен әйелдің Желаев кенті жаққа кеткені белгілі болды. Ол маң да қаралды.

Дүкен қызметкері, 1967 жылғы тұрғын Желаев кенті ауданындағы орманнан саңырауқұлақ жинап жүрген кезінде әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтарын тапты.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады.

Марқұмның туыстары оқиға болған жерден әйелдің киімдерін таныды.

Сонымен қатар әйелдің сіңлісі мен оның тістерін емдеген стоматологтармен бірге тістері алынып, зерделенді.

Сол кезде жоғалған әйел мен табылған мүрденің тістері бірдей болып шықты.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале